Құжат мәтініне өту

Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Буландынскому району на 2015 год

Қаулы · № а-07/238 · қабылданған 24.07.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-92977/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Буландынскому району на 2015 год Қолданыста Қаулы ·№ а-07/238 ·24.07.2015
24.07.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Буландынскому району на 2015 год

Қолданыста Қаулы ·№ а-07/238 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Буландынскому району на 2015 год
Атауы (қаз.)
Бұланды ауданы бойынша 2015 жылы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
а-07/238
Қабылданған күні
24.07.2015
Көрсетілген редакция
24.07.2015 92977_20404.kaz
Соңғы өзгеріс
24.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15BG004942
ЭКБ идентификаторы
92977
Редакция идентификаторы
92977_20404
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:57

0 Бұланды ауданы бойынша

2015 жылы субсидияларды
алушылардың тізіміне қосуға
құжаттар қабылдау мерзімдерін
және субсидияланатын басым ауыл
шаруашылығы дақылдарының
әрбір түрі бойынша оңтайлы себу
мерзімдерін анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес, «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 315, қорытындысы негізінде, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бұланды ауданы бойынша 2015 жылы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері, қосымшаға сәйкес анықталсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Қ Смагулов жүктелсін.

3 3. Осы қаулы 2015 жылғы 30 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Бұланды ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «24»шілдедегі
№ а-07/238 қаулысына
қосымша
Бұланды ауданы бойынша 2015 жылы субсидияларды алушылардың
тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын
басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы
себу мерзімдері

р/р
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері
Субсидия алуға өтінімдер беру мерзімдері
1
Жаздық бидай
15 мамырдан 05 маусымға дейін
Шілденің 17-нен 24- не дейін
2
Жаздық арпа
25 мамырдан 07 маусымға дейін
3
Сұлы
26 мамырдан 07 маусымға дейін
4
Жасыл массаға күздік қара бидай
10 тамыздан 25 тамызға дейін
5
Қарақұмық
18 мамырдан 30 мамырға дейін
6
Бұршақ
15 мамырдан 30 мамырға дейін
7
Жасымық
20 мамырдан 27 мамырға дейін
8
Күнбағыс
10 мамырдан 31 мамырға дейін
9
Зығыр
19 мамырдан 31 мамырға дейін
10
Рапс
15 мамырдан 31 мамырға дейін
11
Қыша
15 мамырдан 31 мамырға дейін
12
Азықтық тары,судан шөбі
20 мамырдан 10 маусымға дейін
13
Судан шөбі тұқымдыққа
15 мамырдан 25 мамырға дейін
14
Сүрлемге жүгерi
10 мамырдан 31 мамырға дейін
15
Көпжылдық дәнді және бұршақ шөптердің ерте көктемгі егісі
мүмкіндік болған жағдайда
30 сәуірге дейін егіске шығу
16
Көпжылдық дәнді және бұршақ шөптердің егісі
01 мамырдан 15 шілдеге дейін
17
Картоп
10 мамырдан 10 маусымға дейін
18
Ашық топырақта көкөністер
08 мамырдан 10 маусымға дейін

Қолданыстағы