Құжат мәтініне өту

Об установлении предельного размера инвестиционной субсидии на 2015 финансовый год

Бұйрық · № 14 · қабылданған 19.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-93298/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении предельного размера инвестиционной субсидии на 2015 финансовый год Қолданыста Бұйрық ·№ 14 ·19.01.2015
19.01.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении предельного размера инвестиционной субсидии на 2015 финансовый год

Қолданыста Бұйрық ·№ 14 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении предельного размера инвестиционной субсидии на 2015 финансовый год
Атауы (қаз.)
2015 қаржы жылына арналған инвестициялық субсидияның шекті мөлшерін белгілеу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
14
Қабылданған күні
19.01.2015
Көрсетілген редакция
19.01.2015 93298_60655.kaz
Соңғы өзгеріс
19.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011931
ЭКБ идентификаторы
93298
Редакция идентификаторы
93298_60655
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:00

0 2015 қаржы жылына арналған

инвестициялық субсидияның
шекті мөлшерін белгілеу туралы
«Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 04 қарашадағы № 1175 қаулысымен бекітілген Инвестициялық субсидия беру қағидаларының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. 2015 қаржы жылына арналған инвестициялық субсидия берудің шекті мөлшері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров):

1 1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалы құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
_____________ Ә. Исекешев
Қазақстан
Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
Қазақстан
Республикасының Ұлттық
экономика министрі
______________ Е. Досаев

0 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 14,
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 146,
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 21 шілдедегі
№ 556
бірлескен бұйрығына қосымша
2015 қаржы жылына арналған
инвестициялық субсидия берудің шекті мөлшері
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жабдық сатып алуға арналған іс жүзіндегі шығындардың сомасы, миллион айлық есептік көрсеткіш
Инвестициялық субсидия берудің шекті мөлшері
2-ден 5-ке дейін
30 %
5-тен 10-ға дейін
бірінші 5 миллион айлық есептік көрсеткіштер - 30 %
5 миллионнан 10 миллион диапазонға дейін және оны қоса алғанда айлық есептік көрсеткіштердің кейінгі сомасы - 25 %
10 - нан 15-ға дейін
бірінші 5 миллион айлық есептік көрсеткіштер - 30 %
5 миллионнан 10 миллион диапазонға дейін және оны қоса алғанда айлық есептік көрсеткіштердің кейінгі сомасы - 25 %
10 миллионнан 15 миллион диапазонға және оны қоса алғанда айлық есептік көрсеткіштердің кейінгі сомасы - 20%
15-дан – 20-ға дейін
бірінші 5 миллион айлық есептік көрсеткіштер- 30 %

15 миллионан 20 миллион диапазонға және оны қоса алғанда айлық есептік көрсеткіштердің кейінгі сомасы - 15%
20-дан 25-ке дейін

20 миллионан 25 миллион диапазонға және оны қоса алғанда айлық есептік көрсеткіштердің кейінгі сомасы - 10%
25-тен және жоғары

25 миллион айлық есептік көрсеткіштерден астам іс жүзіндегі шығындар үшін – 5 %

Қолданыстағы