Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 270
- Қабылданған күні
- 04.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2015 93378_22168.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NC005859
- ЭКБ идентификаторы
- 93378
- Редакция идентификаторы
- 93378_22168
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:49
0 2015 жылға арналған субсидия алушылардың
тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну
мерзімдерін және ауыл шаруашылығы
дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін
айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығындылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2015 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2015 жылдың 16 маусымнан 29 маусымға дейін айқындалсын.
2 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.О. Теменовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 25 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
5 Әкімдіктің 2015 жылғы
4 тамыздағы № 270
қаулысына қосымша
2015 жылға арналған субсидияланатын ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№
Өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері
Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы
Дәнді дақылдар
1.
Жаздық жұмсақ бидай
2015 жылғы 15 мамырдан 12 маусымға дейін
2.
Арпа
2015 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін
3.
Сұлы
2015 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін
4.
Дәнді бұршақ
2015 жылғы 15 мамырдан 10 маусымға дейін
5.
Күнбағыс
2015 жылғы 10 мамырдан 05 маусымға дейін
6.
Зығыр
2015 жылғы 12 мамырдан 05 маусымға дейін
7.
Мақсары
2015 жылғы 10 мамырдан 02 маусымға дейін
8.
Қыша
2015 жылғы 22 мамырдан 08 маусымға дейін
9
Картофель
2015 жылғы 05 мамырдан 10 маусымға дейін
10.
Көкөністер
2015 жылғы 25 сәуірден 15 маусымға дейін
11.
Бақша дақылдары
2015 жылғы 25 сәуірден 10 маусымға дейін
12
Азықтық (бір жылдық шөптер, көп жылдық шөптер осы жылы)
2015 жылғы 01 мамырдан 10 маусымға дейін
2015 жылғы 05 шілдеден 31 тамызға дейін