О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 263
- Қабылданған күні
- 30.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2015 93409_43773.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011996
- ЭКБ идентификаторы
- 93409
- Редакция идентификаторы
- 93409_43773
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:52
0 Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылға арналған стипендиясын
жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының а сәйкес, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 275 бұйрығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылға арналған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарауындағы жоғары оқу орындары бойынша бөлу бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарауындағы жоғары оқу орындарының ректорлары Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын студенттерге жоғары оқу орындарының ғылыми кеңестерінің шешімдері негізінде тағайындасын.
3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Д. Болатханұлы) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 3 тармағы , және қарастырылған іс-шаралардың орындалуы бойынша ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаменті (А. Досходжаева) көрсетілген стипендияны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде 2015 жылғы кезеңге төлеуді жүзеге асырсын.
5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ.А. Ахмедьяровқа жүктелсін.
6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 263 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылға арналған стипендиясын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарауындағы жоғары оқу орындары бойынша бөлу
№
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарауындағы жоғары оқу орындарының атауы
Студенттерге арналған
стипендия
1
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
2
2
Қазақ ұлттық өнер университеті
4
3
Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
5
Барлығы:
11