О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 263
- Қабылданған күні
- 30.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2015 93409_43773.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011996
- ЭКБ идентификаторы
- 93409
- Редакция идентификаторы
- 93409_43773
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:52
0 Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылға арналған стипендиясын
жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының а сәйкес, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 275 бұйрығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылға арналған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарауындағы жоғары оқу орындары бойынша бөлу бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарауындағы жоғары оқу орындарының ректорлары Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын студенттерге жоғары оқу орындарының ғылыми кеңестерінің шешімдері негізінде тағайындасын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Д. Болатханұлы) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 3 тармағы , және қарастырылған іс-шаралардың орындалуы бойынша ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаменті (А. Досходжаева) көрсетілген стипендияны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде 2015 жылғы кезеңге төлеуді жүзеге асырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ.А. Ахмедьяровқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 263 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылға арналған стипендиясын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарауындағы жоғары оқу орындары бойынша бөлу
№
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарауындағы жоғары оқу орындарының атауы
Студенттерге арналған
стипендия
1
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
2
2
Қазақ ұлттық өнер университеті
4
3
Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
5
Барлығы:
11