Құжат мәтініне өту

Об определении сроков предоставления заявок на получение субсидий и оптимальных сроков сева приоритетных сельскохозяйственных культур на 2015 год

Қаулы · № 2389 · қабылданған 09.09.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-93612/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об определении сроков предоставления заявок на получение субсидий и оптимальных сроков сева приоритетных сельскохозяйственных культур на 2015 год Күшін жойған Қаулы ·№ 2389 ·09.09.2015
05.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении сроков предоставления заявок на получение субсидий и оптимальных сроков сева приоритетных сельскохозяйственных культур на 2015 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 2389 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении сроков предоставления заявок на получение субсидий и оптимальных сроков сева приоритетных сельскохозяйственных культур на 2015 год
Атауы (қаз.)
2015 жылға субсидиялар алуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2389
Қабылданған күні
09.09.2015
Көрсетілген редакция
05.10.2015 93612_27689.kaz
Соңғы өзгеріс
05.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NA005872
ЭКБ идентификаторы
93612
Редакция идентификаторы
93612_27689
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:26

0 2015 жылға субсидиялар алуға арналған өтiнiмдердi ұсыну мерзiмдерiн және ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзiмдерiн айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2015 жылғы 9 шілдеден 10 шілдеге дейін субсидиялар алуға арналған өтiнiмдердi ұсыну мерзiмдері айқындалсын.

2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзiмдері айқындалсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 25 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

4 Қостанай қаласы әкімдігінің

2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 2389 қаулысына косымша
2015 жылға арналған субсидияланатын басым
ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша
оңтайлы себу мерзiмдерi

Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Себу мерзiмдерi
1.
Жаздық жұмсақ бидай
15 мамырдан 12 маусымға дейiн
2.
Жаздық қатты бидай және соя
18 мамырдан 5 маусымға дейiн
3.
Күздік бидай және күздік қара бидай
25 тамыздан 10 қыркүйекке дейiн
4.
Сұлы және арпа
15 мамырдан 15 маусымға дейiн
5.
Тары және қарақұмық
20 мамырдан 15 маусымға дейiн
6
Бұршақ тұқымдастар
15 мамырдан 10 маусымға дейiн
7.
Күнбағыс
10 мамырдан 5 маусымға дейiн
8.
Рапс
20 мамырдан 8 маусымға дейiн
9.
Мақсары
10 мамырдан 2 маусымға дейiн
10.
Зығыр
12 мамырдан 5 маусымға дейiн
11.
Қыша
22 мамырдан 8 маусымға дейiн
12.
Арыш
жазғы – 18 мамырдан 8 маусымға
дейiн,
күзгі – 25 тамыздан 10 қыркүйекке дейiн
13.
Бақша дақылдары
25 сәуірден 10 маусымға дейiн
14.
Жемшөп (бір жылдық шөптер, ағымдағы жылдың көп жылдық шөбі), 1-3 өсу жылдарындағы көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер және шабындық жерлерді шалғындандыру үшін (түпкілікті жақсарту үшін) егілген бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы көп жылдық шөптер
бірінші мерзім –1 мамырдан 10 маусымға дейiн,
екінші мерзім – 5 шілдеден 31 тамызға дейін
15.
Сүрлемдік жүгері, күнбағыс және суармалы күнбағыс
15 мамырдан 5 маусымға дейiн
16.
Көкөніс және тамшылатып суарылатын көкөністер
25 сәуірден 15 маусымға дейiн
17.
Қорғалған топырақта өсірілетін көкөністер
көшет алу үшін – 10 наурыздан 30 наурызға дейін
18.
Картоп және тамшылатып суарылатын картоп
5 мамырдан 10 маусымға дейiн

Қолданыстағы