Об определении сроков предоставления заявки на получение субсидий на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей и оптимальных сроков сева субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2015 год в городе Кокшетау
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявки на получение субсидий на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей и оптимальных сроков сева субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2015 год в городе Кокшетау
- Атауы (қаз.)
- Көкшетау қаласында 2015 жылға өсімдік шаруашылығының шығымдылығына және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-8/1367
- Қабылданған күні
- 13.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2015 93694_23085.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15BA004976
- ЭКБ идентификаторы
- 93694
- Редакция идентификаторы
- 93694_23085
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:42
0 Көкшетау қаласында 2015 жылға
өсімдік шаруашылығының
шығымдылығына және өнім
сапасын арттыруға, жанар-жағармай
материалдарының және қажетті
басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнына субсидиялар
алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін
және субсидияланатын басым ауыл
шаруашылық дақылдарын себудің
оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 302 қорытындысының негізінде Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Көкшетау қаласында 2015 жылға өсімдік шаруашылығының шығымдылығына және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3 3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 мамырда туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көкшетау қаласы әкімінің
міндетін атқарушы
А. Смайылов
5 Көкшетау қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «____» ______
№ ____________ қаулысына
қосымша
Көкшетау қаласында 2015 жылға өсімдік шаруашылығының шығымдылығына және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға арналған өтінімді
ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл
шаруашылық дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдері
№
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері
Субсидияланатын басым
ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы
себу мерзімдері
Субсидия алушылардың
тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері
1
Жаздық бидай
10 мамырдан бастап
4 маусымға дейін
20 мамырдан бастап
7 шілдеге дейін
2
Жаздық арпа
25 мамырдан бастап
7 маусымға дейін
20 мамырдан бастап
7 шілдеге дейін
3
Сұлы
25 мамырдан бастап
7 маусымға дейін
20 мамырдан бастап
7 шілдеге дейін
4
Қарақұмық
18 мамырдан бастап
30 мамырға дейін
20 мамырдан бастап
7 шілдеге дейін
5
Асбұршақ
15 мамырдан бастап
31 мамырға дейін
20 мамырдан бастап
7 шілдеге дейін
6
Нұт
7 мамырдан бастап
25 мамырға дейін
20 мамырдан бастап
7 шілдеге дейін
7
Жасымық
20 мамырдан бастап
31 мамырға дейін
20 мамырдан бастап
7 шілдеге дейін
8
Зығыр
19 мамырдан бастап
31 мамырға дейін
20 мамырдан бастап
7 шілдеге дейін
9
Рапс
15 мамырдан бастап
31 мамырға дейін
20 мамырдан бастап
7 шілдеге дейін
10
Күнбағыс
10 мамырдан бастап
30 мамырға дейін
20 мамырдан бастап
7 шілдеге дейін
11
Мақсары
7 мамырдан бастап
25 мамырға дейін
20 мамырдан бастап
7 шілдеге дейін
12
Судан шөбі тұқымға
17 мамырдан бастап
25 мамырға дейін
20 мамырдан бастп
7 шілдеге дейін
13
Азықтық тарысы, судан шөбі
20 мамырдан бастап
15 маусымға дейін
20 мамырдан бастап
7 шілдеге дейін
14
Картоп
10 мамырдан бастап
10 маусымға дейін
20 мамырдан бастап
7 шілдеге дейін
15
Қызылша, сәбіз, қырыққабат, қызанақ, қияр, асқабақ, кәді
10 мамырдан бастап
20 маусымға дейін
20 мамырдан бастап
7 шілдеге дейін
16
Ерте көктемде себілетін көп дәнді және бұршақ тұқымдас шөптер (мықын, жоңышқа, еркекшөп, эспарцет)
егістікке алғашқы шығу мүмкіндігі болғаннан
30 сәуірге дейін
20 мамырдан бастап
7 шілдеге дейін