Об утверждении на 2015 год минимальных норм приобретения (использования) семян первой репродукции и гибридов первого поколения по зонам и в разрезе культур
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении на 2015 год минимальных норм приобретения (использования) семян первой репродукции и гибридов первого поколения по зонам и в разрезе культур
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормаларын аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 142
- Қабылданған күні
- 29.06.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2015 93800_23305.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15G0002763
- ЭКБ идентификаторы
- 93800
- Редакция идентификаторы
- 93800_23305
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:19
0 2015 жылға бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормаларын аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10190 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық-жүйесінде
2015 жылдың 1 сәуірінде жарияланған) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекітілсін.
2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
А.Нұралиевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ А.Мамытбеков
«____» __________ 2015 жыл
8 Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 142 қаулысына қосымша
2015 жылға бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде
№
Дақыл
Аймақтар*
1
2
3
Бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын 1 гектарға тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары, килограмм
1.
Бидай
4,545
4,545
2.
Арпа
4,186
4,186
3.
Сұлы
5,200
4.
Қытай бұршағы
0,518
5.
Мақсары
0,224
0,224
0,244
6.
Картоп
134,238
134,245
7.
Жүгері (будан)
26,000
26,000
25,999
8.
Бұршақты көпжылдық шөптер
19,508
19,499
19,504
9.
Дәнді бұршақтылар
13,000
10.
Күнбағыс
0,507
11.
Қант қызылшасы
26,000
26,000
Ескерту: 1 (бірінші) аймақ - ылғалы жеткіліксіз тәлімі аймақ (Сарысу, Талас, Мойынқұм, Шу, Тұрар Рысқұлов аудандары);
2 (екінші) аймақ - ылғалы орташа тәлімі аймақ (Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Қордай аудандары);
3 (үшінші) аймақ - суармалы егіншілік аймақ.