Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Катон-Карагайского района на 2015 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Катон-Карагайского района на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға Катонқарағай ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 273
- Қабылданған күні
- 17.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 25.03.2016 94467_131571.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VM004044
- ЭКБ идентификаторы
- 94467
- Редакция идентификаторы
- 94467_131571
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:35
0 2015 жылға Катонқарағай ауданының
аумағында тұратын халықтың нысаналы
топтарын анықтау туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2) тармақшасына, 7-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағы 14-тармақшасына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2015 жылға Катонқарағай ауданы аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
1 1) табысы аз адамдар;
2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалармен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз басты, көпбалалы ата-аналар;
5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдарыбар азаматтар;
6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10) оралмандар;
11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12 12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13 13) қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14 14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
15 15) жиырма бір жастан бастап жиырма тоғыз жастағыларды қоса алғандағы жастар;
16 16) ұзақ уақыт (алты айдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
17 17) өнімсіз еңбекпен айналысқан өзін-өзі қамтыған халық;
18 18) бір де жұмыс істеушілері жоқ отбасылардан шыққан азаматтар;
19 19) зейнетақы жасына жеткенше 50 жастан асқан адамдар;
20 20) техникалық және кәсіптік оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
2
2. «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.