Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах субсидирования на 2015 год

Қаулы · № 40 · қабылданған 16.06.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-94618/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О некоторых вопросах субсидирования на 2015 год Қолданыста Қаулы ·№ 40 ·16.06.2015
16.06.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах субсидирования на 2015 год

Қолданыста Қаулы ·№ 40 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах субсидирования на 2015 год
Атауы (қаз.)
2015 жылға субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
40
Қабылданған күні
16.06.2015
Көрсетілген редакция
16.06.2015 94618_29425.kaz
Соңғы өзгеріс
16.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15L0005024
ЭКБ идентификаторы
94618
Редакция идентификаторы
94618_29425
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:35

0 2015 жылға субсидиялаудың

кейбір мәселелері туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11094 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) белгіленсін.

2 2. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________А. Мамытбеков
2015 жылғы «16» маусым

5 Қызылорда облысы әкімдігінің

2015 жылғы «16» маусымдағы №40 қаулысына
қосымша
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға)
р/с
Басым
дақылдардың тізбесі
Бір гектарға субсидия
нормасы,
теңге
1
Күріш
23000
2
Дәндік жүгері
22500
3
Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін дәндік жүгері
63900
4
Майлы дақылдар
27575
5
Картоп
79780
6
Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін картоп
219560
7
Көкөністер
75656
8
Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін көкөністер
181905
9
Бақшалық дақылдар
15000
10
Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін бақшалық дақылдар
86423
11
Қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (фермерлік жылыжайлар) (екіден аспайтын дақыл айналымы)
3000000
12
Сүрлемдік жүгері
23040
13
Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін сүрлемдік жүгері
64311
14
Бірінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
16362
15
Екінші және үшінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
8152

Қолданыстағы