Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов на содействие развитию предпринимательства в моногородах на 2015 год и внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов на содействие развитию предпринимательства в моногородах на 2015 год и внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған негізгі шарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 848
- Қабылданған күні
- 28.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.04.2016 95371_149506.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000848
- ЭКБ идентификаторы
- 95371
- Редакция идентификаторы
- 95371_149506
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:51
0 Облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған негізгі шарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабына, «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған негізгі шарттары бекітілсін.
2 2. Тиiстi мәслихаттар 2015 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиiстi түсiмдердi көздейтiн шешiмдерді қабылдағаннан кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде облыстардың жергілікті атқарушы органдары мәслихаттардың көрсетiлген шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне берсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi,
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1 1) облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарымен кредиттiк шарттар жасасуды;
2 2) бюджеттiк кредиттердiң мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
4 4. Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiне бюджеттік кредиттердiң игерілуі туралы ақпарат берсiн.
5 5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2015 жылға бөлiнген бюджеттiк кредиттердiң игерiлуiн мониторингтеуді қамтамасыз етсiн.
6 6. Қоса берiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiне жүктелсiн.
8 8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 848 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған негізгі шарттары
1 1. Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына (бұдан әрi – қарыз алушы) кредиттер беру үшiн мынадай негiзгi шарттар белгiленедi:
1 1) моноқалаларда кәсiпкерлiкке 2015 жылға микрокредит беру үшiн «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында және «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысында көзделген 1674000000 теңге (бір миллиард алты жүз жетпіс төрт миллион) сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға 5 (бес) жыл мерзімге 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) %-дық сыйақы мөлшерлемесі бойынша берiледi;
2 2) бір жеке кәсіпкерлік субъектісіне берілетін микрокредиттің ең көп сомасы 10000000 (он миллион) теңгеден аспайды;
3 3) кредиттердi игеру кезеңi кредитордың шотынан кредиттер аударылған кезден бастап есептеледi, 5 (бес) жылды құрайды және
2020 жылғы 31 шілдеде аяқталады.
2 2. Кредиттерді беру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.
2 Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 848 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
1
2 2. «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына:
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы қаулыға 34-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде моноқалалардағы ағымдағы іс-шараларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер және облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін кредит берудің сомаларын бөлу бекітілсін.»;
34-қосымшада:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстық бюджеттерге Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде моноқалалардағы ағымдағы іс-шараларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомаларын бөлу және облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін кредит берудің сомаларын бөлу»;
кестедегі бағанның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«
Р/с
№
Об
лыс
тар
дың атауы
Сома
сы, мың
теңге
оның ішінде:
облыстық бюджеттерге моноқалалар
да кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесу үшін кредит беру
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдік беру
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беру
ағымдағы жайластыру
».
3
3. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 16-17, 91-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасында:
«Бағдарламаның негізгі бағыттары» деген 5-бөлімде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 16 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.»;
38-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бизнес-жобаның міндетті шарттары шағын кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкердің, сондай-ақ әйелдің, мүгедектің және 50 жастан асқан тұлғаның оны іске асыру шығыстарын ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен бірлесіп қаржыландыруы, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.»;
39-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан тұлғалар жаңа жұмыс орындарын құруға және грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануға тиіс:»;
42-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлiкпен толықтырылсын:
«2015 жылы микрокредиттер моноқалаларда қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, ал 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.»;
108 және 109-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«108. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 16 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
109. ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 16 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.»;
171-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«171. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау банктердің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 16 %-дан аспайтын, оның 6 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте, банк:»;
172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«172. Егер банк кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 16 %-дан кем болған жағдайда, оның 6 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.»;
175-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«175. Субсидиялау лизингтік компаниялардың/банктің/даму банкінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 16 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте лизингтік компания/банк/даму банкі:»;
270-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) құжаттардың толық пакеті ұсынылған жағдайда, құрауыш операторы ұсынылған өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 тамыздағы № 1017 қаулысымен бекітілген Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында (бұдан әрі – Өтеу қағидалары) көзделген тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ұсынылған өтінімнің және оған қоса берілетін құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталмаған жағдайда, құрауышты одан әрі іске асыру Өтеу қағидаларыңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады;»;
277-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«277. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасында (бұдан әрі – «Өнімділік 2020» бағдарламасы) айқындалған экономиканың басым секторларында қызметін кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асыратын Кәсіпкерлерге ұсынылады.»;
385-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) құжаттар пакеті толық ұсынылған жағдайда, құрауыш операторы Өтеу қағидаларында көзделген тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ұсынылған өтінімнің және оған қоса берілетін құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталмаған жағдайда, құрауышты одан әрі іске асыру Өтеу қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады;».