Құжат мәтініне өту

Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2015 год

Қаулы · № 447 · қабылданған 09.10.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-97207/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2015 год Күшін жойған Қаулы ·№ 447 ·09.10.2015
19.07.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2015 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 447 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2015 год
Атауы (қаз.)
2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
447
Қабылданған күні
09.10.2015
Көрсетілген редакция
19.07.2016 97207_276454.kaz
Соңғы өзгеріс
19.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15D0003544
ЭКБ идентификаторы
97207
Редакция идентификаторы
97207_276454
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:05

0 2015 жылға арналған басым

ауыл шаруашылығы дақылдардың
тізбесін және субсидиялар
нормаларын белгілеу туралы
«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген Қағидаларының 5-тармағына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

Алматы облысы бойынша 2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес;
2015 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е. Шинтуринов) субсидиялауды қаржыландыруды жергілікті бюджеттен жүзеге асырсын.

3 3. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 мамырдағы «2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы» № 228 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 4 маусымда № 3195 тіркелген және

2015 жылғы 6 маусымдағы «Жетісу» мен «Огни Алатау» газеттерінің № 64 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4

4. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет – ресурста және облыс әкімдігінің интернет – ресурсында жариялау жүктелсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.

6 6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Облыс әкімдігінің 2015 жылғы «09» қазандағы «2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу

туралы» № 447 қаулысына 1-қосымша
Алматы облысы бойынша 2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі
№ р/с
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
1
Күздік бидай
2
Арпа
3
Дәндік жүгері
4
Күріш
5
Майлы дақылдар
6
Қант қызылшасы
7
Картоп
8
Көкөніс және бақша
9
Жабық топырақтағы көкөністер
10
Жемшөптік дақылдар
11
Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдарына
12
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту (оның ішінде былтырғы жылдың күзінде) және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көпжылдық шөптер бойынша (көпжылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ғана ескеріледі)
13
Сүрлемдік жүгері және күнбағыс
14
Қара бидай
15
Сұлы
16
Қара құмық

8 Облыс әкімдігінің 2015 жылғы «09» қазандағы «2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу

туралы» № 447 қаулысына 2-қосымша
2015 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары

р/с
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
1 гектарға арналған
бюджеттік субсидиялар нормалары, теңге
1 тоннаға арналған бюджеттік субсидияның нормасы, теңге
1
Күздік бидай
800
2
Арпа
2400
3
Дәндік жүгері
30000
4
Күріш
17000
5
Майлы дақылдар, соның ішінде:
5.1
майбұршақ
4500
5.2
күнбағыс
4500
5.3
мақсары
4500
6
Қант қызылшасы
30000
1500
7
Картоп
17000
8
Картоп (өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген)
34000
9
Көкөніс-бақша
15000
10
Көкөніс-бақша (өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген)
30000
11
Жемшөптік дақылдар
6500
12
Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдарындағы
6500
13
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту (оның ішінде былтырғы жылдың күзінде) және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көпжылдық шөптер бойынша (көпжылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ғана ескеріледі)
6500
14
Сүрлемдік жүгері және күнбағыс
6500
15
Өнеркәсіп жылыжай кешенінде өсірілген жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына)
3800000
16
Фермерлік жылыжайда өсірілген жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына)
1900000
17
Қара бидай
800
18
Сұлы
800
19
Қара құмық
800

Қолданыстағы