Құжат мәтініне өту

О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим медицинским и фармацевтическим образованием на 2016-2017 учебный год

Бұйрық · № 638 · қабылданған 20.07.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2016-2017-ekb-105069/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим медицинским и фармацевтическим образованием на 2016-2017 учебный год Қолданыста Бұйрық ·№ 638 ·20.07.2016
20.07.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим медицинским и фармацевтическим образованием на 2016-2017 учебный год

Қолданыста Бұйрық ·№ 638 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим медицинским и фармацевтическим образованием на 2016-2017 учебный год
Атауы (қаз.)
Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
638
Қабылданған күні
20.07.2016
Көрсетілген редакция
20.07.2016 105069_Some(103937).kaz
Соңғы өзгеріс
20.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014050
ЭКБ идентификаторы
105069
Редакция идентификаторы
105069_Some(103937)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:18

0 Жоғары медициналық және

фармацевтикалық білімі бар
мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу
жылына арналған мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының
1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға
2016 - 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 маусымдағы № 354 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бір данада оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығына» жіберуді;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е. А. Біртановқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

0 Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
20 шілдедегі 2016 жылғы
№ 638 ұйрығына
қосымша
Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
р/с№
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары
Мамандықтың атауы
Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны
1
2
3
4
1.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Жалпы медицина
535, оның ішінде 410 қазақ тілінде білім алушылар
Стоматология
20, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар
Мейіргер ісі
20, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар
Фармация
15, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар
Қоғамдық денсаулық сақтау
5, оның ішінде 2 қазақ тілінде білім алушылар
Медициналық-профилактикалық іс
5, оның ішінде 3 қазақ тілінде білім алушылар
Барлығы:
600
2.
Астана медицина университеті
Жалпы медицина
450, оның ішінде 340 қазақ тілінде білім алушылар
3.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Жалпы медицина
450, оның ішінде 340 қазақ тілінде білім алушылар, оның ішінде 50 «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасының шеңберінде
4.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Жалпы медицина
100, оның ішінде 80 қазақ тілінде білім алушылар
Фармация
60, оның ішінде 45 қазақ тілінде білім алушылар
Қоғамдық денсаулық сақтау
20, оның ішінде, 10 қазақ тілінде білім алушылар
Медициналық-профилактикалық іс
20, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар
Мейіргер ісі
20, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар
Барлығы:
220
5.
Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті
Жалпы медицина
50 қазақ тілінде білім алушылар «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасының шеңберінде
Барлығы
1770 орын
Ескертпе: қосымша 1230 орын мәлімденген мамандықтар бойынша медициналық кадрлар даярлайтын, осы қосымшада көрсетілгендерден басқа жоғары оқу орындарында конкурс негізінде орналастырылады.

Қолданыстағы