Об утверждении перечня объектов, предлагаемых в концессию на среднесрочный период (на 2016-2018 годы), относящихся к коммунальной собственности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня объектов, предлагаемых в концессию на среднесрочный период (на 2016-2018 годы), относящихся к коммунальной собственности
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2/4
- Қабылданған күні
- 19.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.06.2016 102549_Some(99978).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16S0003758
- ЭКБ идентификаторы
- 102549
- Редакция идентификаторы
- 102549_Some(99978)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:31
0 Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдар) концессияға ұсынылатын
объектілер тізбесін бекіту туралы
«Концессия туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2
2. «Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2015-2017 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізімін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың V шақырылымы ХХХІХ сессиясының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 39/3 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 қарашада № 3452 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қарашадағы «Солтүстік Қазақстан» газетінде, 2015 жылғы 17 қарашадағы «Северный Казахстан» газетінде» жарияланған).
3 3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Облыстық мәслихаттың
2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2/4
шешіміне қосымша
Коммуналдық меншікке жататын, орта мерзімді кезеңге (2016-2018 жылдарға) концессияға ұсынылған объектілер тізбесі
№ р/с
Атауы
1. Реконструкциялауы және пайдалануға беруі концессия шарттарының негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік меншіктің қолда бар объектілері
2. Концессия шарты негізінде құру және пайдалануға беру жүзеге асырылатын объектілер
1)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының "Береке" шағын ауданында Московский өтпежолы бойында 140 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру
2)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының "Орман" шағын ауданында 140 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру
3)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Юбилейная көшесі бойында 90 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру
4)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының қаланы жарықтандыру желісін реконструкциялау және пайдалануға беру