Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня объектов, предлагаемых в концессию на среднесрочный период (на 2016-2018 годы), относящихся к коммунальной собственности

Өзге акт · № 3/6 · қабылданған 20.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2016-2018-ekb-104758/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении перечня объектов, предлагаемых в концессию на среднесрочный период (на 2016-2018 годы), относящихся к коммунальной собственности Күшін жойған Өзге акт ·№ 3/6 ·20.06.2016
24.11.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня объектов, предлагаемых в концессию на среднесрочный период (на 2016-2018 годы), относящихся к коммунальной собственности

Күшін жойған Өзге акт ·№ 3/6 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня объектов, предлагаемых в концессию на среднесрочный период (на 2016-2018 годы), относящихся к коммунальной собственности
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3/6
Қабылданған күні
20.06.2016
Көрсетілген редакция
24.11.2016 104758_124610.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16S0003834
ЭКБ идентификаторы
104758
Редакция идентификаторы
104758_124610
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:42

0 Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізбесін бекіту туралы

«Концессия туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. «Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізбесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың VІ шақырылымы ІІ сессиясының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2/4 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3758 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 мамырдағы «Солтүстік Қазақстан» газетінде, 2016 жылғы 27 мамырдағы «Северный Казахстан» газетінде» жарияланған).

3 3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Облыстық мәслихаттың

2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/6
шешіміне қосымша
Коммуналдық меншікке жататын, орта мерзімді кезеңге (2016-2018 жылдарға) концессияға ұсынылған объектілер тізбесі
№ р/с
Атауы
1. Реконструкциялауы және пайдалануға беруі концессия шарттарының негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік меншіктің қолда бар объектілері
2. Концессия шарты негізінде құру және пайдалануға беру жүзеге асырылатын объектілер
1)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының "Береке" шағын ауданында Московский өтпежолы бойында 140 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру
2)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының "Орман" шағын ауданында 140 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру
3)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Юбилейная көшесі бойында 90 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру
4)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының қаланы жарықтандыру желісін реконструкциялау және пайдалануға беру
5)
Солтүстік Қазақстан облысының халқына амбулаторлық және стационарлық көмек көрсету үшін офтальмологиялық диагностика орталығын салу және пайдалануға беру

Қолданыстағы