Об утверждении перечней объектов, предлагаемых в концессию и местных проектов государственно-частного партнерства, планируемых к реализации (на 2016-2018 годы)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечней объектов, предлагаемых в концессию и местных проектов государственно-частного партнерства, планируемых к реализации (на 2016-2018 годы)
- Атауы (қаз.)
- Концессияға ұсынылатын объектілер және іске асырылуы (2016-2018 жылдарға) жобаланып отырған мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7/3
- Қабылданған күні
- 24.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 14.11.2017 107816_260106.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16S0003947
- ЭКБ идентификаторы
- 107816
- Редакция идентификаторы
- 107816_260106
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:12
0 Концессияға ұсынылатын
объектілер және іске асырылуы
(2016-2018 жылдарға) жобаланып
отырған мемлекеттік-жекешелік
әріптестіктің жергілікті жобаларының
тізбелерін бекіту туралы
«Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы 24) тармақшасына және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Коммуналдық меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдарға) концессияға ұсынылатын объектілер тізбесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша іске асырылуы жоспарланып отырған (2016-2018 жылдарға) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3
3. «Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2016-2018 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізбесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/6 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2016 жылғы 21 маусымда № 3834 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 шілдедегі «Солтүстік Қазақстан» газетінде, 2016 жылғы 28 шілдедегі «Северный Казахстан» газетінде жарияланған).
4 4. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Коммуналдық меншікке жататын, орта мерзімді кезеңдегі (2016-2018 жылдарға) концессияға ұсынылған объектілер тізбесі
«Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың 2016 жылғы
24 қарашадағы № 7/3 шешіміне
1 қосымша
Коммуналдық меншікке жататын, орта мерзімді кезеңдегі (2016-2018 жылдарға) концессияға ұсынылған объектілер тізбесі
№ р/с
Атауы
1. Реконструкциялауы және пайдалануға беруі концессия шарттарының негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік меншіктің қолда бар объектілері
2. Концессия шарты негізінде құру және пайдалануға беру жүзеге асырылатын объектілер
1)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының «Орман» шағын ауданында 140 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру
2)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Жалел Қизатов атындағы көшесі бойында 90 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру
3)
Солтүстік Қазақстан облысының халқына амбулаторлық және стационарлық көмек көрсету үшін офтальмологиялық диагностика орталығын салу және пайдалануға беру
6 Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың 2016 жылғы
24 қарашадағы № 7/3 шешіміне
2 қосымша
Коммуналдық меншікке жататын, іске асырылуы (2016-2018 жылдарға)
ұсынылған мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбесі
№ р/с
Атауы
1.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Жамбыл – Труда – Горького – Таштитов көшелерінің шекараларында «Жас Өркен» шағын ауданында әмбебап теннис орталығын салу және пайдалануға беру