Об утверждении Лимитов (квот) потребления озоноразрушающих веществ на период с 2016 по 2019 годы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Лимитов (квот) потребления озоноразрушающих веществ на период с 2016 по 2019 годы
- Атауы (қаз.)
- 2016-2019 жылдар кезеңіне озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 04.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 04.02.2016 100000_59106.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013399
- ЭКБ идентификаторы
- 100000
- Редакция идентификаторы
- 100000_59106
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:38
0 2016-2019 жылдар кезеңіне
озонды бұзатын заттарды
тұтыну лимиттерін (квоталарын)
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 313-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 қазандағы Заңымен қосылған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған 2016-2019 жылдар кезеңіне озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттері (квоталары) бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы респубикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 4 ақпандағы
№ 35 бұйрығымен
бекітілген
2016 – 2019 жылдар кезеңіне озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттері (квоталары)
Жылдар
Квоталар (тонна)*
2016
71
2017
71
2018
71
2019
71
Ескертпе:
* цифрлер Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың шеңберінде үшінші елдермен саудалауда Кеден одағына мүше мемлекеттерге әкелуге немесе әкетуге тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.1-бөлімінің С тізімінде көрсетілген озонды бұзатын заттарға қатысты және Озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль Хаттамасының Тараптары Отырысының шешіміне сәйкес (№ XXVI/13, 2014 жыл) белгіленген.
Сыртқы сауда қызметінің қатысушылары арасында озонды бұзатын заттарды тұтынуға рұқсат етілген көлемін бөлу сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2014 – 2015 жылдары әкелген көлемге пропорционалды жүзеге асырылады (Vi₍₂₀₁₄₎, Vi₍₂₀₁₅₎).
Сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысына озонды бұзатын заттардың тұтынуға рұқсат етілген көлемі сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы белгіленген тәртіппен берген өтініште көрсетілген көлемге қарамастан, озонды бұзатын заттарды тұтынуға рұқсат етілген көлемін есептеуге сәйкес есептелген көлемнен (Vi) аспауы тиіс.
2016, 2017, 2018 және 2019 жылдар ішінде бойынша белгіленген тәртіппен озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуға өтінім берген сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы үшін озонды бұзатын заттарды тұтынуға рұқсат етілген көлемді (Vi) есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Vi = ki*Vжалпы,
мұндағы:
Vжалпы – мөлшерлік шектеумен белгіленген және 2016 – 2019 жылдары тұтынуға рұқсат етілген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;
ki – сыртқы сауда қызметінің әрбір қатысушысы үшін мына формула бойынша есептелген коэффициент:
мұндағы:
Vi₍₂₀₁₄₎ – сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2014 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;
Vi₍₂₀₁₅₎ – сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2015 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;
Vжалпы₍₂₀₁₄₎ – сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары
2014 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;
Vжалпы₍₂₀₁₅₎ – сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары
2015 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна.