Об утверждении условий кредитования областных бюджетов на содействие развитию предпринимательства на 2016 год в рамках Дорожной карты занятости 2020
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении условий кредитования областных бюджетов на содействие развитию предпринимательства на 2016 год в рамках Дорожной карты занятости 2020
- Атауы (қаз.)
- Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған талаптарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 84
- Қабылданған күні
- 18.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2016 106098_271100.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000084
- ЭКБ идентификаторы
- 106098
- Редакция идентификаторы
- 106098_271100
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:26
0 Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған талаптарын бекіту туралы
«2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған талаптары бекітілсін.
2. Тиісті мәслихаттар 2016 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне берсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
2) бюджеттік кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.
5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2016 жылға бөлінген бюджеттік кредиттердің игерілу мониторингін қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 84 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің
2016 жылға арналған талаптары
1. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредит беру үшін мынадай негізгі талаптар белгіленеді:
1) «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2016 жылға «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысында көзделген 30 823 827 000 (отыз миллиард сегіз жүз жиырма үш миллион сегіз жүз жиырма жеті мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға 5 (бес) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;