О корректировке показателей республиканского бюджета на 2016 год и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 972 «О реализации Закона Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2016 – 2018 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке показателей республиканского бюджета на 2016 год и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 972 «О реализации Закона Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2016 – 2018 годы»
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету және «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 468
- Қабылданған күні
- 19.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2016 105536_106837.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000468
- ЭКБ идентификаторы
- 105536
- Редакция идентификаторы
- 105536_106837
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:00
0 2016 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзетужәне «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 253 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2016 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2 2. «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:
реттік нөмірлері 92, 93, 94, 95-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
92
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу
Мемлекеттік
жер кадастры мәліметтерін қалыптастыру жер кадастр жұмыстарын жүргізу есебінен қамтамасыз етіледі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕАҚ
259 «Жер ресурстары туралы ақпаратқа қолжетімділікті арттыру»
2 312 704
93
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының және ауылдық елді мекендердің жоспарлы-картогра
фиялық өнімі
Жұмыстар циклі мемлекеттік жер кадастрын жүргізу үшін құрылатын ауыл шаруашылығы алқаптарының және ауылдық елді мекендердің ауқымды қатарының фотокарталарын жасауға бағытталған
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
«Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» ШЖҚ РМК
259 «Жер ресурстары туралы ақпаратқа қолжетімділікті арттыру»
413 655
94
Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар, материалдар мен деректерді есепке алу, сақтау
Цифрлы топографиялық және тақырыптық карталарды, географиялық атаулардың мемлекеттік каталогтарын жасау, жаңарту, техникалық жобаларды құру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректерді сақтау
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
«Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры» РМҚК
259 «Жер ресурстары туралы ақпаратқа қолжетімділікті арттыру»
315 545
95
Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар
Қалалардың және аумақтардың аэротүсірілімі, ауқымды қатардың мемлекеттік топографиялық карталарын және қалалардың жоспарларын жасау және жаңарту, пункттерді тексеру және қалпына келтіру, координат
алау, эталондық базистерді сертификаттау, I, II класты нивелирлеу, жиынтық каталогтар жасау, геодинамикалық зерттеулер, карталарды басып шығару (басу), техникалық жобаларды құрасты
ру, нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
«Қазгеодезия» РМҚК
259 «Жер ресурстары туралы ақпаратқа қолжетімділікті арттыру»
2 247 740
».
3 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, жиынтық қаржыландыру жоспарына тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша өзгерістер енгізсін.
4 4. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 19 тамыздағы
№ 468 қаулысына қосымша
2016 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету
Функционалдық топ
Атауы
Өзгерістер (+,-)
Әкімші
Бағдарлама
1
2
3
II. Шығындар
0
1
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер
- 277 737
243
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
- 277 737
001
Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер
- 277 737
10
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары
277 737
212
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
6 217 678
001
Ауыл шаруашылығы, табиғатты пайдалану және жер ресурстарын пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару
277 737
259
Жер ресурстары туралы ақпаратқа қолжетім-
ділікті арттыру
5 939 941
243
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
- 5 939 941
083
Мемлекеттік жер кадастры, геодезиялық және картографиялық қызметтің іс-шараларын іске асыру
- 5 939 941