Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размеров подушевого финансирования и родительской платы на 2016 год по Бородулихинскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размеров подушевого финансирования и родительской платы на 2016 год по Бородулихинскому району
- Атауы (қаз.)
- Бородулиха ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 26.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2017 100799_179826.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16VH004455
- ЭКБ идентификаторы
- 100799
- Редакция идентификаторы
- 100799_179826
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:17
0 Бородулиха ауданы бойынша 2016 жылға
арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын,
жан басына шаққандағы қаржыландыру және
ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылға аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2
2. «Бородулиха ауданы бойынша 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 208 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліменде № 4151 тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 80 (589), «Пульс района» газетінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 80 (6908)) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2016 жылғы « 26 » ақпан № 35
қаулысына қосымша
2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын,
жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Айына бір тәрбиеленушіге жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, теңге
Тәрбиеленушілер саны, адам
Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалған шығынның орташа құны, теңге
Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге
Балабақшалар, бөбекхана
Шағын орталықтар
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет
Балабақшалар, бөбекхана
Шағын орталықтар
Балабақшалар, бөбекхана
Шағын орталықтар
21893
18236
18311
16824
633
425
18381
18689
9800