Об установлении размера фонда оплаты труда медицинским организациям Западно-Казахстанской области, имеющим статус государственных коммунальных предприятий на праве хозяйственного ведения на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размера фонда оплаты труда медицинским организациям Западно-Казахстанской области, имеющим статус государственных коммунальных предприятий на праве хозяйственного ведения на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мәртебесі бар медициналық ұйымдарының 2016 жылға еңбекақы төлеу қорының мөлшерiн белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 64
- Қабылданған күні
- 15.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 15.03.2016 100828_66054.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16Z0004309
- ЭКБ идентификаторы
- 100828
- Редакция идентификаторы
- 100828_66054
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:03
0 Батыс Қазақстан облысының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мәртебесі бар медициналық ұйымдарының 2016 жылға еңбекақы төлеу қорының мөлшерiн белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын,«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын, «Денсаулық сақтау жүйесінің кейбір салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1043 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығын (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылдың 31 желтоқсанында №12742 тіркелген) басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мәртебесі бар медициналық ұйымдарының 2016 жылға еңбекақы төлеу қорының мөлшерi белгіленсін.
2 2. «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Қ.М.Ирменов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы «15» наурыздағы № 64
қаулысына қосымша
Батыс Қазақстан облысының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мәртебесі бар медициналық ұйымдарының 2016 жылға еңбекақы төлеу қорының мөлшерi
№
Медициналық ұйымдар
Басым бағыттары бойынша
Еңбекақы төлеу қорының мөлшері
1.
облыстық
1) жоғары мамандандырылған, стационарлық, стационар алмастырғыш медициналық көмектерді көрсететін ұйымдар;
2) стационарлық, стационар алмастырғыш, амбулаторлық-емханалық, кеңесші-диагностикалық көмек көрсететін, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттаумен, қан және оның компоненттерін дайындаумен айналысатын
80000 базалық лауазымдық жалақыға дейін
40000 базалық лауазымдық жалақыға дейін
2.
облыстық маңызы бар қала
стационар алмастырғыш, амбулаторлық-емханалық, алғашқы медициналық-санитариялық, жедел медициналық көмек көрсететін
40000 базалық лауазымдық жалақыға дейін
3.
аудандық
стационарлық, стационар алмастырғыш, оңалту және сауықтыру, амбулаторлық-емханалық және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін
37000 базалық лауазымдық жалақыға дейін