О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Щербактинского района в 2016 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Щербактинского района в 2016 году
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылы Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 261/72
- Қабылданған күні
- 10.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 10.03.2016 100909_67732.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16PM005046
- ЭКБ идентификаторы
- 100909
- Редакция идентификаторы
- 100909_67732
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:06
0 2016 жылы Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18–бабының 8–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» № 183 қаулысына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылы жетпіс айлық есептік көрсеткіш сомасына тең көтерме жәрдемақы берілсін.
2
2. Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылы тұрғын үй сатып алу немесе құрылысы үшін бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш сомасынан жоғары емес бюджеттік кредит берілсін.