Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по городу Алматы на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по городу Алматы на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 419
- Қабылданған күні
- 11.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2017 100994_277266.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16R0001273
- ЭКБ идентификаторы
- 100994
- Редакция идентификаторы
- 100994_277266
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:05
0 2016 жылға арналған
Алматы қаласы бойынша
жер үсті көздеріндегі су ресурстарын
пайдаланғаны үшін
төлемақы ставкаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38 бабына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 487-бабының 1-тармағына сәйкес V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған 2016 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
1
1) V сайланған Алматы қаласы мәслихаты XХХVІІ сессиясының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 316 «2015 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1157 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 сәуірде «Алматы Ақшамы» және 2015 жылғы 18 сәуірде «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);
2
2) V сайланған Алматы қаласы мәслихаты XLІV сессиясының 2015 жылғы 16 қазандағы № 376 «V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХХVІІ сессиясының «2015 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 316 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1226 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 қарашада «Алматы Ақшамы» және 2015 жылғы 24 қарашада «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған).
3 3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімнің интернет - ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке (келісім бойынша) жүктелсін.
5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының LІ cессиясының
2016 жылғы 11 наурыздағы
№ 419 шешімімен бекітілген
2016 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің
су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкалары
Арнаулы су пайдаланудың түрі
Өзендер, көлдер, теңіздер
бассейні
Тұрғын-үй пайдалану және
коммуналдық қызметтер,
(теңге/1000 тек.м.)
Өнеркәсіп
жылу энергетикасын қоса есептегенде,
(теңге/1000 тек.м.)
Ауыл шаруашылығы,
(теңге/1000 тек.м.)
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары,
(теңге/1000 тек.м.)
Су энергетика,
(теңге/1000
кВт.сағ)
Су көлігі,
(теңге/1000 т. шақырым)
Балқаш және Алакөл көлдері бассейні
102,3
282,5
81,3
77,7
30,0
8,8