Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения по городу Актау на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения по городу Актау на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылға Ақтау қаласы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 505
- Қабылданған күні
- 18.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2016 101408_70001.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16MA003016
- ЭКБ идентификаторы
- 101408
- Редакция идентификаторы
- 101408_70001
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:59
0 2016 жылға Ақтау қаласы бойынша
халықтың нысаналы топтарына
жататын адамдардың қосымша
тізбесін белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2016 жылға Ақтау қаласы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) елу жастан асқан тұлғалар;
2) он екі және одан да көп айдан астам жұмысы болмаған адамдар;
3) есірткіге тәуелді және АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусын) жұқтырған тұлғалар.
2. «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Н. Хайрлиева):
халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;
осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Ж. Көшмағанбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Ақтау қалалық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Г.Н. Хайрлиева
«18 » наурыз 2016 жыл.