Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Курчатов, на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения, проживающих на территории города Курчатов, на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылға Курчатов қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 375
- Қабылданған күні
- 26.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 22.04.2016 101793_74635.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16VC004423
- ЭКБ идентификаторы
- 101793
- Редакция идентификаторы
- 101793_74635
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:17
0 2016 жылға Курчатов
қаласының аумағында
тұратын халықтың
нысаналы топтарын
анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2016 жылға Курчатов қаласының аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
1 1)табысы аз адамдар;
2 2)жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3 3)балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;
4 4)кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5 5)Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6 6)зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7 7)мүгедектер;
8 8)Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9 9)бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10)оралмандар;
11 11)жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12 12)жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші- жеке тұлғаның қызметін тоқтауына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13 13)қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14 14)терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
15 15)ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
16 16)зейнеткерлік жасқа жетуіне дейінгі елу жастан асқан адамдар;
17 17)халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сай кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған жұмыссыздар;
18 18)жалғыз тұратын адамдар;
19 19)асырауында кәмелеттік жасқа толмаған екі және одан да көп балалары бар адамдар;
20 20)техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер;
21 21)өнімсіз еңбекпен айналысқан өзін-өзі қамтыған халық;
22 22)бір де жұмыс істеушілері жоқ отбасылардан шыққан азаматтар;
23 23)есірткіге тәуелді және АҚТҚ инфекциясымен ауыратын тұлғалар.
2
2. «Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі және Курчатов қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
3
3. «2015 жылға Курчатов қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» 2015 жылғы 19 ақпандағы № 58 әкімдік қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 11 наурыздағы 3723 нөмірімен тіркелген, «7 дней» газетінде 2015 жылдың 19 наурыздағы 12(1022) нөмірімен жарияланған) күші жойылды деп танылсын.