Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре-декабре 2016 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре-декабре 2016 года
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 127
- Қабылданған күні
- 14.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2016 102350_80481.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16CG004896
- ЭКБ идентификаторы
- 102350
- Редакция идентификаторы
- 102350_80481
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:35
0 2016 жылдың сәуір-маусымында және
қазан-желтоқсанында азаматтарды
мерзімді әскери қызметке
шақыруды жүргізуді ұйымдастыру
және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561–ІV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 229 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 209 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 229» Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес, Қобда ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2016 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.