Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2016 года.

Қаулы · № 68 · қабылданған 18.04.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2016-ekb-102360/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2016 года. Қолданыста Қаулы ·№ 68 ·18.04.2016
01.01.2017 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2016 года.

Қолданыста Қаулы ·№ 68 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2016 года.
Атауы (қаз.)
2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
68
Қабылданған күні
18.04.2016
Көрсетілген редакция
01.01.2017 102360_90091.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16CD004914
ЭКБ идентификаторы
102360
Редакция идентификаторы
102360_90091
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:32

0 2016 жылдың сәуір-маусымында

және қазан-желтоқсанында азаматтарды
мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді
ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабының 3 тармағына, 28 бабының 1,3 тармақтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 229 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2016 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 209 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 229 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2016 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.

3 3. Ұсынылсын:

1 1) Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Байғанин орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;

2 2) Ақтөбе облысының ішкі істер Департаменті Байғанин ауданының ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі» (келісім бойынша) мерзімді әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.

4

4. Ауылдық округ әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың және оқу орындарының басшылары әскерге шақырылушыларды «Ақтөбе облысы Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабардар етілуін және азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.

5 5. «Ақтөбе облысы Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесі шақыру қорытындысы туралы 2016 жылдың 5 шілдесінде және 2017 жылдың 5 қаңтарында аудан әкіміне ақпарат ұсынсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Спановаға және «Ақтөбе облысы Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы міндетін атқарушы С. Алпысбаевқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

Қолданыстағы