Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2016 года.
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2016 года.
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 68
- Қабылданған күні
- 18.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2017 102360_90091.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16CD004914
- ЭКБ идентификаторы
- 102360
- Редакция идентификаторы
- 102360_90091
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:32
0 2016 жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында азаматтарды
мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді
ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабының 3 тармағына, 28 бабының 1,3 тармақтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 229 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2016 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 209 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 229 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2016 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
3 3. Ұсынылсын:
1 1) Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Байғанин орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;
2 2) Ақтөбе облысының ішкі істер Департаменті Байғанин ауданының ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі» (келісім бойынша) мерзімді әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
4
4. Ауылдық округ әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың және оқу орындарының басшылары әскерге шақырылушыларды «Ақтөбе облысы Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабардар етілуін және азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.