Құжат мәтініне өту

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан на 2016 год

Бұйрық · № 269 · қабылданған 13.04.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2016-ekb-102594/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О распределении стипендии Президента Республики Казахстан на 2016 год Қолданыста Бұйрық ·№ 269 ·13.04.2016
13.04.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан на 2016 год

Қолданыста Бұйрық ·№ 269 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О распределении стипендии Президента Республики Казахстан на 2016 год
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
269
Қабылданған күні
13.04.2016
Көрсетілген редакция
13.04.2016 102594_91899.kaz
Соңғы өзгеріс
13.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013712
ЭКБ идентификаторы
102594
Редакция идентификаторы
102594_91899
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:36

0 Қазақстан Республикасы

Президентінің 2016 жылға
арналған стипендиясын
бөлу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы №1134 қаулысының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылға арналған стипендиясын министрліктер мен «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы арасында бөлу бекітілсін.

2 2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3

3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Экономика және қаржы департаменті (А. Өтешова) көрсетілген стипендияны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап төлеуді жүзеге асырсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 13 сәуірдегі
№ 269 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылға арналған стипендиясын министрліктер мен «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы арасында бөлу

Мемлекеттік орган, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы
Стипендия
студенттерге
магистранттарға
1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
896
7
2
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
12
3
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
112
1
4
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
57
5
«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы
3
БАРЛЫҒЫ
1080
8

Қолданыстағы