Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах единых государственных закупок, проводимых в 2016 году

Қаулы · № 93 · қабылданған 11.05.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2016-ekb-102632/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О некоторых вопросах единых государственных закупок, проводимых в 2016 году Қолданыста Қаулы ·№ 93 ·11.05.2016
11.05.2016 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах единых государственных закупок, проводимых в 2016 году

Қолданыста Қаулы ·№ 93 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах единых государственных закупок, проводимых в 2016 году
Атауы (қаз.)
2016 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
93
Қабылданған күні
11.05.2016
Көрсетілген редакция
11.05.2016 102632_88813.kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16LF005512
ЭКБ идентификаторы
102632
Редакция идентификаторы
102632_88813
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:14

0 2016 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы

“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Мемлекеттік сатып алу туралы” Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі айқындалсын.

2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.

3 3. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4

4. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тапсырыс берушілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынуды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Жалағаш ауданы әкімдігінің

2016 жылғы 11 мамырдағы №93
қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
№ р/с
Атауы
1.
Тауарлар:
1)
тауарларды сатып алу (оларды сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген бес мыңнан он мыңға дейінгі еселенген айлық есептік көрсеткіште болған жағдайда)
2.
Жұмыстар:
1)
Жалағаш кентіндегі орталық алаңды ағымдағы жөндеу
3.
Көрсетілетін қызметтер:
1)
Жалағаш кентіндегі, Әйтеке би көшесіне жерге орналастыру және сәйкестендіру құжатын әзірлеу

Қолданыстағы