Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы на 2016 год по Жанибекскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы на 2016 год по Жанибекскому району
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылға Жәнібек ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 70
- Қабылданған күні
- 22.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 10.03.2017 103001_274932.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ZF004427
- ЭКБ идентификаторы
- 103001
- Редакция идентификаторы
- 103001_274932
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:27
0 2016 жылға Жәнібек ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес 2016 жылға Жәнібек ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2 2. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы №67 «2015 жылға Жәнібек ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» және 2015 жылғы 10 тамыздағы №224 «Жәнібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы
«2015 жылға Жәнібек ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» №67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3878 және №4032 тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірдегі №
16 (7981), 2 қазандағы №40 (8005) «Шұғыла» газеттерінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы (Ж.Абдолов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Меңешовқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Жәнібек ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «22» сәуірдегі
№70 қаулысына
қосымша
2016 жылға Жәнібек ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру
және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Ай сайын тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге)
Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)
Мектепке дейінгі ұйымдар ата-ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге)
Балабақшалар (жергілікті бюджет)
1
Жасқайрат ауылы
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Ақбота» балабақшасы
37
33855
33855
3182
2
Борсы ауылы
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Балапан» балабақшасы
25
46386
46386
3182
3
Ақоба ауылы
Балабақша «Балауса» аудандық білім беру бөлімінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
45
27700
27700
3182
4
Қамысты ауылы
Балабақша «Балбұлақ» Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
35
42183
42183
3182
5
Жәнібек ауылы
Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «Балдәурен» сәби – балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
100
32300
32300
4242
6
Тау ауылы
Балабақша «Қайрат» Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
38
41219
41219
3182
7
Ұзынкөл ауылы
Балабақша «Ұзынкөл» Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
45
32538
32538
3182
8
Жәнібек ауылы
Жәнібек ауданының білім беру бөлімінің «Жәнібек балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
75
33678
33678
4242
Мектеп жанындағы толық күндік балабақша (жергілікті бюджет)
9
Жақсыбай ауылы
Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «М.Б. Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
30
21116
21116
3182
10
Талов ауылы
Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «Ғ.Сарбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
20
19246
19246
3182
ҚР, Батыс-Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Ұлттық қор
11
Жәнібек ауылы
Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «Алтын ұя» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
290
16318
16318
5000