Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2016 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2016 года
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 93
- Қабылданған күні
- 23.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2017 103681_92572.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16CE004961
- ЭКБ идентификаторы
- 103681
- Редакция идентификаторы
- 103681_92572
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:02
0 2016 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 229 «Әскери қызметтің белгіленген мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2016 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 209 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2016 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 229 Жарлығын iске асыру туралы» қаулысына сәйкес, Ырғыз ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Ырғыз ауданында тұрақты тұратын 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2 2. Шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
3 3. Ұсынылсын:
1 1) «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ырғыз аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шараларды жүргізсін;
2 2) «Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті Ырғыз ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;
3
3) Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінің «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзыреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.