Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2016 год

Қаулы · № 395 · қабылданған 19.07.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2016-ekb-104911/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2016 год Күшін жойған Қаулы ·№ 395 ·19.07.2016
18.05.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2016 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 395 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2016 год
Атауы (қаз.)
2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
395
Қабылданған күні
19.07.2016
Көрсетілген редакция
18.05.2017 104911_276526.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16D0003905
ЭКБ идентификаторы
104911
Редакция идентификаторы
104911_276526
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:20

0 2016 жылға арналған басым

ауыл шаруашылығы дақылдарының
тізбесін және субсидиялар
нормаларын бекіту туралы
«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2016 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі субсидиялауды қаржыландыруды жергілікті бюджеттен жүзеге асырсын.

3

3. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қазандағы «2015 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау туралы» (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 12 қарашасында № 3544 тіркелген, «Жетісу» газетінде 2015 жылдың 28 қарашасында № 133 және «Огни Алатау» газетінде 2015 жылдың 28 қарашасында № 133 жарияланған) № 447 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4

4. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.

6 6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Алматы облысы әкімдігінің

2016 жылғы «19» шілде
№ 395 қаулысына 1-қосымша
2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
№ р/с
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
1
Күздік бидай
2
Арпа
3
Дәндік жүгері
4
Күріш
5
Майлы дақылдар
6
Қант қызылшасы
7
Картоп
8
Көкөніс және бақша
9
Жабық топырақтағы көкөністер
10
Жемшөптік дақылдар
11
Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдарына
12
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші,екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көпжылдық шөптер (көпжылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ғана ескеріледі)
13
Сүрлемдік жүгері және күнбағыс

8 Алматы облысы әкімдігінің

2016 жылғы «19» шілде
№395 қаулысына 2-қосымша
2016 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары

р/с
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
1 гектарға арналған
субсидиялар нормалары, теңге
1 тоннаға арналған субсидияның нормасы, теңге
1
Күздік бидай
800
2
Арпа
2400
3
Дәндік жүгері
30000
4
Күріш
17000
5
Майлы дақылдар, соның ішінде:
5.1
майбұршақ
4500
5.2
күнбағыс
4500
5.3
мақсары
4500
6
Қант қызылшасы
30000
1500
7
Картоп
17000
8
Картоп (өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген)
34000
9
Көкөніс-бақша
15000
10
Көкөніс-бақша (өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген)
30000
11
Жемшөптік дақылдар
6500
12
Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдарындағы
6500
13
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көпжылдық шөптер (көпжылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ғана ескеріледі)
6500
14
Сүрлемдік жүгері және күнбағыс
6500
15
Өнеркәсіп жылыжай кешенінде өсірілген жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына)
3800000
16
Фермерлік жылыжайда өсірілген жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына)
1900000

Қолданыстағы