Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жүмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 221
- Қабылданған күні
- 11.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 11.07.2016 105396_105179.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16NJ006579
- ЭКБ идентификаторы
- 105396
- Редакция идентификаторы
- 105396_105179
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:25
0 2016 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2016 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Жітіқара ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2
2. Жітіқара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 253 «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын, өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-143 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 маусымда «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 5 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
5 Әкімдіктің
2016 жылғы 11 шілдедегі
№ 221
қаулысына қосымша
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Жітіқара ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдері
№
Өсiмдiк шаруашылығы
өнiмiнiң түрi
Егiс жұмыстардың басталуы
мен аяқталуы
Дәнді дақылдар
1
Жаздық жұмсақ бидай
2016 жылғы 15 мамырдан бастап
2 маусымға дейін
2
Жаздық қатты бидай
2016 жылғы 18 мамырдан бастап 1 маусымға дейін
3
Арпа
2016 жылғы 15 мамырдан бастап 10 маусымға дейін
4
Сұлы
2016 жылғы 15 мамырдан бастап
10 маусымға дейін
Майлы дақылдар
1
Күнбағыс
2016 жылғы 5 мамырдан бастап 1 маусымға дейін
2
Зығыр
2016 жылғы 12 мамырдан бастап 31 мамырға дейін
3
Мақсары
2016 жылғы 10 мамырдан бастап 31 мамырға дейін