Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размеров подушевого финансирования и родительской платы на 2016 год по городу Курчатов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размеров подушевого финансирования и родительской платы на 2016 год по городу Курчатов
- Атауы (қаз.)
- Курчатов қаласы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 492
- Қабылданған күні
- 14.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2017 105442_207795.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16VC004629
- ЭКБ идентификаторы
- 105442
- Редакция идентификаторы
- 105442_207795
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:23
0 Курчатов қаласы бойынша 2016 жылға
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын,
жан басына шаққандағы
қаржыландыру және ата-ананың ақы
төлеу мөлшерлерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Курчатов қаласы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Е.В. Старенковаға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Курчатов қаласы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері
Курчатов қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «14» шілдедегі
№ 492 қаулысына қосымша
Курчатов қаласы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім
беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың
ақы төлеу мөлшерлері
Бір айда бір тәрбиеленушінің жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, теңге
Тәрбиеленушілер саны, адамдар
Бір айда бір тәрбиеленушіге орташа шығынның құны, теңге
Бір айда
ата-аналар ақы мөлшері, теңге
Балабақшалар, бөбекжайлар
Шағын орталықтар
балабақшалар, бөбекжайлар
шағын орталықтар
балабақшалар, бөбекжайлар
шағын орталықтар
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет
23566
23427
10533
0
433
137
23496
10533
7900