Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов в организациях Зеленовского района на 2016 год

Қаулы · № 546 · қабылданған 19.07.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2016-ekb-105498/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов в организациях Зеленовского района на 2016 год Күшін жойған Қаулы ·№ 546 ·19.07.2016
27.01.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов в организациях Зеленовского района на 2016 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 546 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов в организациях Зеленовского района на 2016 год
Атауы (қаз.)
2016 жылға Зеленов ауданының ұйымдарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
546
Қабылданған күні
19.07.2016
Көрсетілген редакция
27.01.2017 105498_159257.kaz
Соңғы өзгеріс
27.01.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16ZG004516
ЭКБ идентификаторы
105498
Редакция идентификаторы
105498_159257
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:21

0 2016 жылға Зеленов ауданының ұйымдарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес және мүгедектердің жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мақсатында, Зеленов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2016 жылға арналған Зеленов ауданының ұйымдарында ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысандарына қарамастан мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін ауыр жұмыстар орнынан, зиянды, қауіпті еңбек жағдайларынан басқа жұмыс орындар квотасы аудандағы жұмыс орындардың жалпы санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.

2 2. «Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3

3. Зеленов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 2 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3792 тіркелген, 2015 жылғы 6 ақпанда «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М.Залмұқанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Досжановқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы