Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов в организациях Зеленовского района на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов в организациях Зеленовского района на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылға Зеленов ауданының ұйымдарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 546
- Қабылданған күні
- 19.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2017 105498_159257.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ZG004516
- ЭКБ идентификаторы
- 105498
- Редакция идентификаторы
- 105498_159257
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:21
0 2016 жылға Зеленов ауданының ұйымдарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес және мүгедектердің жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мақсатында, Зеленов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2016 жылға арналған Зеленов ауданының ұйымдарында ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысандарына қарамастан мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін ауыр жұмыстар орнынан, зиянды, қауіпті еңбек жағдайларынан басқа жұмыс орындар квотасы аудандағы жұмыс орындардың жалпы санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2 2. «Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3
3. Зеленов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 2 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3792 тіркелген, 2015 жылғы 6 ақпанда «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.