Құжат мәтініне өту

Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по району имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области на 2016 год

Қаулы · № 242 · қабылданған 22.08.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2016-ekb-105640/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по району имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области на 2016 год Қолданыста Қаулы ·№ 242 ·22.08.2016
22.08.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по району имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области на 2016 год

Қолданыста Қаулы ·№ 242 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по району имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области на 2016 год
Атауы (қаз.)
2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдардың әрбір түрі бойынша субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінім ұсыну мерзімдерін анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
242
Қабылданған күні
22.08.2016
Көрсетілген редакция
22.08.2016 105640_Some(106389).kaz
Соңғы өзгеріс
22.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16SE003874
ЭКБ идентификаторы
105640
Редакция идентификаторы
105640_Some(106389)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:00

0 2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдардың әрбір түрі бойынша субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінім ұсыну мерзімдерін анықтау туралы

«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген (№ 11094 Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау Қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2016 жылға ауыл шаруашылығы басым дақылдарының субсидияланатын әр түрі бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тізімге қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік етуші Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2016 жылғы 22 тамыздағы № 242
қаулысына қосымша
2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдар түрлері бойынша субсидия алушылар тізіміне қосуға өтінімдер беру мерзімдері
№ п/п
Басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы
Өтінімдерді
ұсыну мерзімдері
1.
Жаздық бидай
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
2.
Күздік бидай
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
3.
Күздік қарабидай
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
4.
Арпа
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
5.
Сұлы
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
6.
Қарақұмық
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
7.
Тары
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
8.
Дәнді-бұршақты дақылдар
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
9.
Майлы дақылдар
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
10.
Картоп
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
11.
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолдана отырып өсірген картоп
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
12.
Ашық топырақтағы көкөніс және бақша дақылдары
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
13.
Өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
14.
Фермерлік жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
Жемшөптік дақылдар:
15.
бірінші, екінші және үшінші жылғы көп жылдық бұршақ шөптер
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
16.
бірінші жылы егілген басқа да көп жылдық шөптер
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
17.
сүрлемдік жүгері және күнбағыс
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
бір жылдық шөптер, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың қоспасы:
18.
сұлы мен бұршақ; бұршақ, сұлы және арпа ٭
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
19.
судан шөбі; тары; итқонақ; сұлы және сиыржоңышқа ٭٭
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
20.
сұлы, арпа, бұршақ және бидай; сұлы мен бұршақ; тары мен бұршақ ٭٭٭
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
21.
бұршақ пен сұлы; сұлы, арпа және бұршақ; судан шөбі мен бұршақ; тары мен бұршақ; бұршақ, сұлы және арпа; рапс пен сұлы ٭٭٭٭
2016 жылдың 26 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін
٭ азыққа
٭٭ пішенге
٭٭٭ пішендемеге
٭٭٭٭ жасыл конвейерге

Қолданыстағы