Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Айыртаускому району на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Айыртаускому району на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылға Айыртау ауданында субсидияланған басым ауыл шаруашылық дақылдардың әрбір түрі бойынша субсидия алушылар тізіміне қосу үшін өтінім беру мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 305
- Қабылданған күні
- 24.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2016 105666_Some(106544).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16SC003872
- ЭКБ идентификаторы
- 105666
- Редакция идентификаторы
- 105666_Some(106544)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:58
0 2016 жылға Айыртау ауданында субсидияланған басым ауыл шаруашылық дақылдардың әрбір түрі бойынша субсидия алушылар тізіміне қосу үшін өтінім беру мерзімдерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау Қағидаларының 10-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес 2016 жылға Айыртау ауданында субсидияланған басым ауыл шаруашылық дақылдардың әрбір түрі бойынша субсидия алушылар тізіміне қосу үшін өтінім беру мерзімдері белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 24 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
4 Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 24 тамыздағы
№ 305 қаулысына қосымша
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
№
Басымды ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Өтінімдерді қабылдау мерзімі
1
Жаздық бидай
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
2
Күздік бидай
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
3
Күздік қара бидай
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
4
Арпа
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
5
Сұлы
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
6
Қарақұмық
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
7
Тары
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
8
Дәнді –бұршақты дақылдар
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
9
Майлы дақылдар
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
10
Картоп
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
11
өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолдана отырып өсірген картоп
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
12
Ашық топырақтағы көкөніс және бақша дақылдары
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
13
өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
14
Фермерлік жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
15
Жем шөптік дақылдар:
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
16
Бірінші, екінші және үшінші жылы өсіп жатқан көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
17
Бірінші жыл егілген басқа да көп жылдық шөптер
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
18
Сүрлемдік жүгері және күнбағыс
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
19
Бір жылдық шөптер, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың қоспасы:
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
20
Сұлы мен бұршақ; бұршақ, сұлы және арпа *
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
21
Судан шөбі; тары; итқонақ; сұлы мен сиыржоңышқа **
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
26
Сұлы, арпа, бұршақ және бидай;сұлы мен бұршақ; тары мен бұршақ ***
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
23
Бұршақ пен сұлы; сұлы, арпа және бұршақ; судан шөбі мен бұршақ; тары мен бұршақ; бұршақ, сұлы және арпа; рапс пен сұлы ****
2016 жылғы 24 тамыздан 01 қазанға дейін
* көк азыққа ** пішінге *** пішендемеге **** жасыл конвейерге