Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур в районе Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области на 2016 год
Күшін жойған
Қаулы
№ 226
21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур в районе Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында субсидия берілетін ауыл шаруашылық дақылдарының әрбір басымды түрі бойынша субсидия алушылар тізіміне қосуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 226
- Қабылданған күні
- 23.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2016 105694_113731.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16SI003876
- ЭКБ идентификаторы
- 105694
- Редакция идентификаторы
- 105694_113731
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:59
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында субсидия берілетін ауыл шаруашылық дақылдарының әрбір басымды түрі бойынша субсидия алушылар тізіміне қосуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау, басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру қағидаларының 10-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында субсидия берілетін ауыл шаруашылық дақылдарының әрбір басымды түрі бойынша субсидия алушылар тізіміне қосуға өтінімді ұсыну мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 25 тамыздан пайда болған қатынастарға таралады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «23» тамыздағы
№ 226 қаулысына қосымша
2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында субсидия берілетін ауыл шаруашылық дақылдарының әрбір басымды түрі бойынша субсидия алушылар тізіміне қосуға өтінімді ұсыну мерзімдері
Р/с № | Басымды ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы | Өтінімдерді қабылдау мерзімі |
1 | Жаздық бидай | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
2 | Күздік бидай | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
3 | Күздік қара бидай | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
4 | Арпа | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
5 | Сұлы | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
6 | Қарақұмық | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
7 | Тары | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
8 | Дәнді-бұршақты дақылдар | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
9 | Майлы дақылдар | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
10 | Картоп | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
11 | Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолдана отырып өсірген картоп | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
12 | Ашық топырақтағы көкөніс және бақша дақылдары | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
13 | Өнеркәсіптік үлгідегі жылы жайлардағы қорғалған топырақ көкөністері | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
14 | Фермерлік жылы жайлардағы қорғалған топырақ көкөністері | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
Жемшөптік дақылдар: | ||
15 | бірінші, екінші және үшінші жылы өсіп жатқан көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
16 | бірінші жыл егілген басқа да көп жылдық шөптер | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
17 | Сүрлемдік жүгері және күнбағыс | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
Бір жылдық шөптер, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың қоспасы: | ||
18 | сұлы мен бұршақ; бұршақ, сұлы және арпа * | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
19 | судан шөбі; тары; итқонақ; сұлы мен сиыржоңышқа ** | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
20 | сұлы, арпа, бұршақ және бидай; сұлы мен бұршақ; тары мен бұршақ *** | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
21 | бұршақ пен сұлы; арпа және бұршақ; судан шөбі мен бұршақ; тары мен бұршақ; бұршақ, сұлы және арпа; рапс пен сұлы **** | 2016 жылдың 25 тамыздан 20 қыркүйегіне дейін |
*жасыл азыққа
**шөпке
***пішіндеме
****жасыл конвейерге