Құжат мәтініне өту

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2016 год

Бұйрық · № 217 · қабылданған 26.07.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2016-ekb-105717/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2016 год Қолданыста Бұйрық ·№ 217 ·26.07.2016
26.07.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2016 год

Қолданыста Бұйрық ·№ 217 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2016 год
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
217
Қабылданған күні
26.07.2016
Көрсетілген редакция
26.07.2016 105717_Some(108629).kaz
Соңғы өзгеріс
26.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014144
ЭКБ идентификаторы
105717
Редакция идентификаторы
105717_Some(108629)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:15

0 Қазақстан Республикасы Президентінің

2016 жылға арналған стипендиясын
жоғары оқу орындары бойынша
бөлу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде №13712 болып тіркелген,  «Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 269 бұйрығын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Д. Болатханұлы) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;

3

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5 5) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаменті (А. Досходжаева) қосымшада көрсетілген бөлуге сәйкес жоғары оқу орындарына қаржы жылына республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде 2016 жылғы кезеңге төлеуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 26 шілдедегі
№ 217 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу

Жоғары оқу орындарының атауы
Студенттерге арналған
стипендия
1
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
4
2
Қазақ ұлттық өнер университеті
4
3
Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
4
Барлығы:
12

Қолданыстағы