Құжат мәтініне өту

Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2016 год

Қаулы · № 235 · қабылданған 29.07.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2016-ekb-105821/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2016 год Қолданыста Қаулы ·№ 235 ·29.07.2016
29.07.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2016 год

Қолданыста Қаулы ·№ 235 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2016 год
Атауы (қаз.)
2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
235
Қабылданған күні
29.07.2016
Көрсетілген редакция
29.07.2016 105821_108570.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16M0003144
ЭКБ идентификаторы
105821
Редакция идентификаторы
105821_108570
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:12

0 2016 жылға арналған басым

ауыл шаруашылығы дақылдарының
тізбесін және субсидиялардың
нормаларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27 – бабына, «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) 5-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға, және (немесе) 1 тоннаға)) белгіленсін.

2 2.«Маңғыстау облының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы):

осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының
ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушысы
Қ. Серікбайұлы
«29» 07 2016 ж.

5 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2016 жылғы «29» 07
№ 235 қаулысына
қосымша
2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары
(1 гектарға, және (немесе) 1 тоннаға))

р/с
Басым ауыл шаруашылығы
дақылдардың атауы
Субсидиялар нормалары, теңге
1
Көкөніс және бақша дақылдары (дәстүрлі технология)
20 000
2
Көкөніс және бақша дақылдары (өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару )
72 000
3
Қорғалған топырақта өнеркәсіптік жылыжайларда өсірілетін көкөністер
(1 дақыл айналым)
3 500 000
4
Қорғалған топырақта фермерлік жылыжайларда өсірілетін көкөністер
(1 дақыл айналым)
1 300 000

Қолданыстағы