Об определении сроков предоставления заявки для включения в список сельскохозяйственных товаропроизводителей на получение субсидиий на повышение урожайности и качества продукции растениеводства,стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте по району Шал акына Северо-Казахстанской области в 2016 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявки для включения в список сельскохозяйственных товаропроизводителей на получение субсидиий на повышение урожайности и качества продукции растениеводства,стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте по району Шал акына Северо-Казахстанской области в 2016 году
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы бойынша басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіспен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсын
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 175
- Қабылданған күні
- 23.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.08.2016 105948_Some(108943).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16SN003878
- ЭКБ идентификаторы
- 105948
- Редакция идентификаторы
- 105948_Some(108943)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:59
0
2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы бойынша басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіспен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы
«Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын сусидиялау қағидаларының 10 тармағына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №11094 тіргелген), Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданынынң әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қосымшаға сәйкес 2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы бойынша басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіспен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері анықталсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 25 тамызда пайда болған құқық қатынастарына қолданылады.
4 Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 23 тамыздағы №175
қаулысына қосымша
2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы бойынша басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіспен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері
№
Басымды ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы
Өтінімдерді қабылдау мерзімі
1
Жаздық бидай
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
2
Күздік бидай
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
3
Күздік қара бидай
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
4
Арпа
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
5
Сұлы
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
6
Қарақұмық
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
7
Тары
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
8
Дәнді-бұршақты дақылдар
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
9
Майлы дақылдар
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
10
Картоп
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
11
өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсірген картоп
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
12
Ашық топырақтағы көкөніс және бақша дақылдары
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
13
өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
14
Фермерлік жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
15
Жем шөптік дақылдар:
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
16
Бірінші, екінші, және үшінші жылы өсіп жатқан көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
17
Бірінші жыл егілген басқа да көп жылдық шөптер
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
18
Сүрлемдік жүгері және күнбағыс
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
19
Бір жылдқ шөптер, дәнді және дәнді -
бұршақты дақылдардың қоспасы:
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
20
Сұлы мен бұршақ; бұршақ, сұлы және арпа *
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
21
Судан шөбі; тары; ит қонақ; сұлы мен сиыржоңышқа **
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
22
Сұлы, арпа, бұршақ және бидай; сұлы мен бұршақ; тары мен бұршақ ***
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
23
Бұршақ пен сұлы; сұлы, арпа және бұршақ; судан шөбі мен бұршақ; тары мен бұршақ; бұршақ, сұлы және арпа; рапс пен сұлы ****
2016 жылдың 25 тамызынан
10 қыркүйегіне дейін
* көк азыққа; ** пішінге; *** пішендемеге; **** жасыл конвейерге.