Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур в 2016 году в городе Петропавловске
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур в 2016 году в городе Петропавловске
- Атауы (қаз.)
- Петропавл қаласында 2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1682
- Қабылданған күні
- 29.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2016 106039_109280.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16SA003889
- ЭКБ идентификаторы
- 106039
- Редакция идентификаторы
- 106039_109280
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:56
0 Петропавл қаласында 2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін анықтау туралы
«Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11094 тіркелген) Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидасының 10 тармағына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2016 жылы Петропавл қаласы бойынша өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидия алу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілердің тізіміне енгізу үшін өтінім беру мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Н. Смаиловаға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 2 қыркүйекте туындаған қатынастарға таралады.
4 Петропавл қаласы әкімдігінің
2016 жылғы « 29» тамыз № 1682
қаулысына қосымша
2016 жылы Петропал қаласы бойынша өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидия алу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілердің тізіміне енгізу үшін өтінім беру мерзімдері
№ р/р
Дақылдардың атауы
Өтінім беру мерзімдері
1
Картоп
2016 жылғы 02 қыркүйектен 2016 жылғы 10 қыркүйекке дейін
2
Қырыққабат (көшет)
2016 жылғы 02 қыркүйектен 2016 жылғы 10 қыркүйекке дейін
3
Сәбіз (тұқым)
2016 жылғы 02 қыркүйектен 2016 жылғы 10 қыркүйекке дейін
4
Қызылша
2016 жылғы 02 қыркүйектен 2016 жылғы 10 қыркүйекке дейін
5
Қияр, екінші дақыл алмасуы
2016 жылғы 02 қыркүйектен 2016 жылғы 05 желтоқсанға дейін