Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов на содействие развитию предпринимательства в моногородах, малых городах и сельских населенных пунктах на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов на содействие развитию предпринимательства в моногородах, малых городах и сельских населенных пунктах на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- Облыстық бюджеттерге моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған негізгі шарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 183
- Қабылданған күні
- 07.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 07.04.2016 106076_110895.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000183
- ЭКБ идентификаторы
- 106076
- Редакция идентификаторы
- 106076_110895
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:43
0 Облыстық бюджеттерге моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған негізгі шарттарын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған негізгі шарттары бекітілсін.
2 2. Тиісті мәслихаттар 2016 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берсін.
3 3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
2 2) бюджеттік кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4 4. Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.
5 5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2016 жылға бөлінген бюджеттік кредиттердің игерілу мониторингін қамтамасыз етсін.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
7 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 07 сәуірдегі
№ 183 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған негізгі шарттары
1 1. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
1
1) 2016 жылға моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысында көзделген 2647284000 (екі миллиард алты жүз қырық жеті миллион екі жүз сексен төрт мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға 5 (бес) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;