Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов на содействие развитию предпринимательства в моногородах, малых городах и сельских населенных пунктах на 2016 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов на содействие развитию предпринимательства в моногородах, малых городах и сельских населенных пунктах на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- Облыстық бюджеттерге моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған негізгі шарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 183
- Қабылданған күні
- 07.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 07.04.2016 106076_110895.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000183
- ЭКБ идентификаторы
- 106076
- Редакция идентификаторы
- 106076_110895
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:43
0 Облыстық бюджеттерге моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған негізгі шарттарын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған негізгі шарттары бекітілсін.
2. Тиісті мәслихаттар 2016 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
2) бюджеттік кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2016 жылға бөлінген бюджеттік кредиттердің игерілу мониторингін қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 07 сәуірдегі
№ 183 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған негізгі шарттары
1. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
1) 2016 жылға моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысында көзделген 2647284000 (екі миллиард алты жүз қырық жеті миллион екі жүз сексен төрт мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға 5 (бес) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;