Құжат мәтініне өту

Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2016 год

Қаулы · № 197 · қабылданған 08.04.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2016-ekb-106077/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2016 год Қолданыста Қаулы ·№ 197 ·08.04.2016
08.04.2016 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2016 год

Қолданыста Қаулы ·№ 197 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2016 год
Атауы (қаз.)
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2016 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
197
Қабылданған күні
08.04.2016
Көрсетілген редакция
08.04.2016 106077_111100.kaz
Соңғы өзгеріс
08.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000197
ЭКБ идентификаторы
106077
Редакция идентификаторы
106077_111100
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:41

0 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматықалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2016 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2016 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;

2 2) кредиттік шарттар талаптарының орындалуын бақылауды;

3 3) бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және оларға қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен сенім білдірілген өкілмен (агентпен) тапсырма шартын жасассын.

4 4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары:

1 1) түпкі қарыз алушылармен кредиттік шарттар жасассын;

2 2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2016 жылғы 8 сәуірдегі
№ 197 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2016 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары

1 1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредиттер беру үшін мынадай негізгі талаптар белгіленеді:

1 1) қарыз алушылардың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) мәслихаттардың 2016 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдерін ұсынуы;

2 2) 75 000 000 000 (жетпіс бес миллиард) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға жылдық 0,01 %-дық сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 (жиырма) жыл мерзімге беріледі;

3 3) негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең 6 (алты) жылдан аспауға тиіс;

4 4) кредиттерді игеру кезеңі кредиттер кредитордың шотынан аударылған сәттен бастап есептеледі және 2017 жылғы 10 желтоқсанда аяқталады.

2 2. Кредиттерді беру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қосымша талаптар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

Қолданыстағы