Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2016 год
Қолданыста
Қаулы
№ 197
18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2016 год
- Атауы (қаз.)
- Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2016 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 197
- Қабылданған күні
- 08.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2016 106077_111100.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000197
- ЭКБ идентификаторы
- 106077
- Редакция идентификаторы
- 106077_111100
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:41
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматықалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2016 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2016 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
2) кредиттік шарттар талаптарының орындалуын бақылауды;
3) бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және оларға қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен сенім білдірілген өкілмен (агентпен) тапсырма шартын жасассын.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары:
1) түпкі қарыз алушылармен кредиттік шарттар жасассын;
2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 8 сәуірдегі
№ 197 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2016 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары