Құжат мәтініне өту

Об определении сроков представления заявки на 2016 год

Қаулы · № 275 · қабылданған 11.10.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2016-ekb-106975/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении сроков представления заявки на 2016 год Қолданыста Қаулы ·№ 275 ·11.10.2016
11.10.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении сроков представления заявки на 2016 год

Қолданыста Қаулы ·№ 275 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении сроков представления заявки на 2016 год
Атауы (қаз.)
2016 жылға өтінім беру мерзімдерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
275
Қабылданған күні
11.10.2016
Көрсетілген редакция
11.10.2016 106975_116016.kaz
Соңғы өзгеріс
11.10.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16ZK004584
ЭКБ идентификаторы
106975
Редакция идентификаторы
106975_116016
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:33

0 2016 жылға өтінім беру мерзімдерін

айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11094 тіркелді) бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тасқала ауданы бойынша 2016 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялауға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.

2 2. «Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.М.Мырзаш) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Сафималиевке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

6 2016 жылғы 11 қазандағы № 275 Тасқала ауданы әкiмдiгiнiң қаулысына қосымша

Тасқала ауданы бойынша 2016 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялауға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
Өтінімді ұсыну мерзімдері
1
Майлы дақылдар
17 қазаннан бастап 25 қазанға дейін
2
Көп жылдық және бір жылдық шөптер (өткен жылғы егілген көп жылдық шөптерді қоспағанда)
17 қазаннан бастап 25 қазанға дейін
3
Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарында
17 қазаннан бастап 25 қазанға дейін

Қолданыстағы