Об определении сроков представления заявки на получение субсидий по каждому виду приоритетных сельскохозяйственных культур в 2016 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков представления заявки на получение субсидий по каждому виду приоритетных сельскохозяйственных культур в 2016 году
- Атауы (қаз.)
- 2016 жылы басым ауыл шаруашылығы дақылдарын әрбір түрі бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 285
- Қабылданған күні
- 19.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2016 107070_116665.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16NJ006663
- ЭКБ идентификаторы
- 107070
- Редакция идентификаторы
- 107070_116665
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:45
0 2016 жылы басым ауыл шаруашылығы дақылдарын әрбір түрі бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген, Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін
өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 29 тамыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
3 Әкімдіктің
2016 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 285 қаулысына қосымша
2016 жылға субсидияланатын басым
ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі
бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну
мерзімдері
р/с
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
Өтінімдерді ұсыну мерзімдері
1
2
3
1
Жаздық жұмсақ бидай
29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін
2
Жаздық қатты бидай
29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін
3
Сұлы
29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін
4
Арпа
29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін
5
Зығыр
29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін
6
Картоп
29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін
7
Көкөністер
29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін
8
Бақша дақылдары
29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін
9
Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін
10
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер
29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін